Site icon KAZAKBOL

Өзбекстан Ауғанстан аумағынан Термезге оқ атылғанын теріске шығарды

Ауғанстаннан Термез қаласының аудандарына зымыранмен соққы берілді деген бірқатар телеграм каналдардағы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Осылай деп Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов хабарлады.

«Қорғаныс министрлігі, Шекара әскери қызметінің мәліметінше, өзбек-ауған шекарасында ешқандай оқ атылып жатқан жоқ, жағдай тұрақты», — деп жазды президенттің баспасөз хатшысы.

Өзбекстанның қорғаныс министрлігі де зымыранмен оқ атылып жатыр деген ақпаратты теріске шығарды.

Министрліктің мәліметінше, өзбек-ауған шекарасы әскерилердің толық бақылауында, жағдай тұрақты.

«Милитарист» және «Военный обозреватель» деген телеграм каналдар «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы Термезге шабуыл жасап жатыр деген ақпарат таратқан.

Источник

Exit mobile version