Өзбекстан билігі Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) энергетикалық нарығына қосылуы мүмкін. Осылай деп елдің энергетика министрлігі хабарлады.
Мекеме мәліметіне қарағанда, бірнеше күн бұрын ЕАЭО-тың энергетикалық департаменті Өзбекстанның энергетика министрлігінің өкілдеріне арнайы жобаны таныстырған. Онда тараптар интеграциялық процесстерді тереңдету және энергия нарығына қосылудағы кедергілерді жою жөнінде сөйлескен.
Өзбекстан 2020 жылдың желтоқсан айында ЕАЭО-ға байқаушы ел ретінде кірген. Бүгінде бұл ұйымға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей толық мүше.
Өзбекстанның энергетикалық жүйесі Совет одағы кезінде құрылған Орталық Азияның энергия желісінің бір бөлігі болып есептеледі. Оған Өзбекстаннан бөлек Қырғызстан мен Қазақстан да кіреді.
Биыл 25 қаңтарда Орталық Борбор Азияның электр станциясында апат болып, Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстанның бірқатар қалалары жарықсыз қалған.