Site icon KAZAKBOL

Өзбекстан мен Тәжікстан 26,5 млн доллар тұратын келісімдерге қол қойды

Өзбекстан мен Тәжікстанның ресми өкілдері билік органдары мен Сұрқандария және Хатлон облыстары кәсіпкерлері арасындағы әріптестікке қатысты 23 келісімге қол қойды. Бұл туралы «Ховар» ұлттық ақпарат агенттігі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, құжаттарға қол қою салтанаты өткен аптадағы форум аясында ұйымдастырылған. Қабылданған келісімдер арасында өзара түсіністік туралы меморандум мен туризм саласындағы әріптестіктің «жол картасы» да бар.

Бұған қоса, 26,6 млн доллардың тауарын жеткізу жөніндегі алты келісімге және 15 инвестициялық жобаға қол қойылды.

Источник

Exit mobile version