Site icon KAZAKBOL

Өзбекстан президенті қырғыз-өзбек шекарасы бойынша келісімге қол қойды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қырғыз-өзбек шекарасы бойынша келісімді ратификациялау және Кемпірабад (Әндіжан) су қоймасын бірлесіп басқару жөніндегі заң жобасына қол қойды.

Заң 13 баптан тұрады. Оған сәйкес, екі ел арасындағы 302,29 шақырымды алып жатқан шекара сызығы түпкілікті бекітілді. Өзбекстанға Кемпірабад су қоймасы маңындағы 4957 гектар жер және қосымша су қойманы күзететін 19,5 гектар жер өтеді. Өтемақы ретінде Қырғызстанға 1019 гектар мал жайылатын жер беріледі.

Қырғызстанға сонымен бірге «Гавасай» учскесінің 12 849 гектар жері беріледі. Қырғыз тарапы бұл жерге құрылыс жүргізбеуді міндетіне алады.

Бұдан бөлек Кемпірабад су қоймасын екі ел бірлесіп басқаратын болады. Кемпірабад су қоймасы Өзбекстанда Әндіжан су қоймасы деп аталады.

Бір күн бұрын қырғыз-өзбек шекарасы бойынша келісімге Қырғызстан президенті қол қойған.

Источник

Exit mobile version