Site icon KAZAKBOL

Өзбекстан президенті Нүкіс тұрғындарының бірінің үйіне түсіп, ауыз ашты

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 30 наурызда Нүкістегі Алтын-жағыс ауылына барып, тұрғындармен кездесті.

Ресми мәлімет бойынша, бұл ауылда 4 мыңнан астам адам тұрады.

«Ауыл жаңарып жатыр екен, тұрғындардың ризашылығын көріп, қуанып жатырмын. Біз биыл Қарақалпақстандағы ауылдарды жаңарту үшін 130 мың доллар бөлдік. Оған жолдарды, мектептер мен балабақшаларды, дәрігерлерлік бөлімшелерді жөндейміз. Су, энергия желілерін қалпына келтіреміз», — деген өзбек президенті.

Президенттің сөзінше, Қарақалпақстанның 452 ауылының әрқайсына 43 мың доллардан бөлінеді.

«Әрбір ауыл өзінің проблемасын жақсы біледі. Тұрғындар ақшаны сол проблеманы шешуге жұмсайды әрі бақылайтын болады», — деген президент.

Рамазан айында ауызашар кезінде Мирзияев тұрғындардың үйінің біріне барып, кешкі ас ішкен.

Мирзияев сонымен бірге ұлттық тағам сумалякты дайындау процесіне қатысқан.

Источник

Exit mobile version