Site icon KAZAKBOL

Өзбекстан TikTok сервисінің өлкеге кіруіне жол ашқанына өкінеді

Ресми Ташкент қытайлық TikTok сервисінің өлкеге кіруіне жол ашқаны үшін өкінеді. Бұл туралы Eurasianet.org сайты хабарлады.

Өткен аптада 25 желтоқсанда Ташкентте өтуі керек болған ресейлік блогерлердің TikTok Fest атты фестиваліне тыйым салынған. Онда Өзбекстанның мәдениет министрлігі «фестиваль әлеуметтік желілерде сынға алынғанын», «өзбек халқының ұлттық менталитетіне қарсы келетінін» жеткізген.

Бірақ кейін министрлік бұл тыйымға ешқандай қатысы жоқ екенін айтып, оған Ташкент қаласының әкімшілігі мен ішкі істер министрлігін айыптаған.

Бұл іс-шара туралы алғаш iTicket.uz билет агенттігі 6 желтоқсанда жариялап, оны өткізуге мәдениет министрлігі рұқсат бергенін айтқан.

Бас кеңсесі Бейжіңде орналасқан ByteDance компаниясына тиесілі әрі күн сайын милиардтаған қолданушы кіретін TikTok платформасы Twitter әлеуметтік желісі сияқты бұғатталған сервистердің қатарына енгізілген.

Бірақ TikTok’қа тыйым салынған елдерде қолданушылар VPN арқылы кіреді.

Мәселен, өзбекстандық 20 жастағы Нисо Мамедованың TikTok парақшасында 80 мыңнан астам тіркелушісі бар. Ол феминизм, саяхат, білім алу жөнінде видеолар жариялайды.

Бұдан бөлек Өзбекстанда туып-өскен Рахим Абдрамовтың TikTok’та 13,3 миллион тіркелушісі бар. Ол Forbes журналы жариялаған тізімде 2020 жылы ең көп ақша тапқан орыстілді тиктокшылардың сап басында тұр.

«Мұндай тиктокшылар тұрғанда, Өзбекстанда TikTok’қа бөгет қою ауыр дейді», — деп жазады Eurasianet.org.

Былтыр Ташкент әкімі Жахонгир Артыкхожаев тиктокшылар форумына қатысып, еркін ойлы жастарды қолдайтынын мәлімдеген.

Источник

Exit mobile version