Site icon KAZAKBOL

Өзбекстан Жоғарғы соты Сталин репрессиясының тағы 173 құрбанын ақтауы мүмкін

19 желтоқсанда Өзбекстан Жоғарғы соты авторитарлық совет жүйесі кезінде Сталин репрессиясының құрбаны болған тағы 173 адамның қылмыстық ісін қарай бастады.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта республикалық жұмыс тобының ғылыми зерттеуі кезінде табылған себептерге байланысты ақталмай қалған репрессия құрбандарының ісін қайта қарау жөнінде ұсыныс түскені айтылған.

Репрессия құрбандарын ақтау жөніндегі республикалық жұмыс тобы 2020 жылғы 8 қазанда Өзбекстан президентінің тапсырмасымен құрылған. Жоғарғы сот осымен үшінші рет Сталин репрессиясының құрбандарын ақтау жөненде отырыс өткізеді.

Жыл басында Жоғарғы сот төрағасының орынбасары Икрам Мүслімовтің жетекшілігімен алты қылмыстық іс қаралып, 120 адам әрекетінде қылмыс құрамы болмауына байланысты ақталды.

2021 жылғы 25 тамызда Жоғарғы сот совет жүйесі кезінде жазықсыз қудаланған 115 адамды ақтады. Олардың арасында тәуелсіздік үшін құрылған қозғалыс жетекшілері Иброхимбек Курбаши мен Насирхан Тура да бар.

Мәліметтерге қарағанда, 1937-1953 жылдар аралығында мемлекет еркіндігі үшін күрескен 100 мыңнан астам өзбек репрессияға ұшыраған. Атап айтқанда, 13 мың адам адам атылған, зиялы қауымның мыңдаған өкілі жер аударылған.

Источник

Exit mobile version