Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда қарашада жылдық өсім 12 процентке жетті

Қараша айында Өзбекстанда тұтыну тауарлары 1,3 процентке қымбаттады деп хабарлайды елдің мемлекеттік статистика комитеті.

Мекеме мәліметінше, бір жылда тұтыну индексі 12,3 процентке өскен.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, өзбек үкіметі инфляция деңгейін жыл соңына дейін 9%, келесі жылы 5% -ке төмендетуді жоспарлап отыр.

Ресми мәлімет бойынша, 2017 жылы жылдық инфляция деңгейі 14,4, 2018 жылы 14,3, 2019 жылы 15,2 және 2020 жылы 11,1 процент болған.

Источник

Exit mobile version