Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда 13 жастағы оқушы қыздың зорлануына байланысты іс қозғалды

Самарқанд облысының ішкі істер басқармасы 13 жастағы оқушы қыздың зорлануына байланысты қылмыстық іс қозғады.

Әлеуметтік желілерде 13 жастағы оқушы қыздың аяғы ауыр екені туралы мәлімет тараған.

Жергілікті STV телеарнасының хабарлауынша, құқық қорғау органдары кәмелет жасқа толмаған қыздың анасымен бірге тұратын ер азаматты ұстаған. Күдікті оқушы қызды екі жыл бойы зорлап келген болуы мүмкін деген әңгіме тарады.

Қыз анасымен бірге тұратын азаматтың зорлық көрсеткенін құқық қорғау органдарына айтқан.

Кәмелет жасқа толмаған оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен күдіктінінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Источник

Exit mobile version