Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда ашық іс жүргізу саясатын ұстанбаған шенеуніктерге айыппұл салынады

Өзбекстанда мемлекеттік билік органдары мен басқармаларында ашық іс жүргізу саясатын ұстанбаған лауазым иелеріне 140 доллар көлемінде айыппұл салынады.

Әділет министрлігінің «Құқық ақпараты» telegram-арнасының хабарлауынша, мұндай ережеге 3 тамызда ел президенті қол қойған. Жаңа тәртіп Өзбекстанның әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне енген.

Тәртіп бұзған шенеуніктерге 900 мың сумнан 1,5 млн сумға ($82-$140) дейінгі аралықта айыппұл салынуы мүмкін.

Құжатқа сәйкес, лауазым иесі ашық іс жүргізу саясатын ұстанбағаны дәлелденсе, Жемқорлықпен күрес агенттігінің өкілдері оның үстінен әкімшілік заң бұзушылық туралы хаттама толтырады.

Источник

Exit mobile version