Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда аудан бөлімінің маманы кеңсесінде асылып қалды

Өзбекстанның Сырдария облысы Баяут ауданының мемлекеттік қызметкері Интернеттегі құмар ойындар құрбаны болды. Облыс прокуратурасы қайғылы оқиға туралы мәлімет таратты.

Ақпаратқа қарағанда, Баяут ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінде бас маман болып істеген Т.Б. есімді азамат 13 маусымда әкімшілік ғимараттың екінші қабатындағы кеңсесінде асылып қалған. Прокуратура мәліметінше, оның өлімінің жұмысқа қатысы жоқ, марқұм жеке басының мәселелерін шеше алмаған.

Аудандық прокуратура осы оқиғаға қатысты тергеу қарсаңындағы тексеру жүргізіп жатыр.

Источник

Exit mobile version