Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік кеңесі азаматтарды АҚШ-қа заңсыз жөнелтуге көмектесеміз деп алдаған Самарқандтың екі тұрғынын ұстаған.
Мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай, 1985 және 1991 жылдары туған Самарқандтың екі тұрғыны екі азаматқа АҚШ-қа жібере аламыз деп әрқайсынан 30 мың доллар талап еткен.
Күдіктілер 20 мың доллар алып жатқан жерінен қолға түскен.
Арнайы қызметтің мәліметінше, ұсталғандар Самарқандтың екі азаматын «Өзбекстан – Түркия – Боливия – Колумбия – Мексика – АҚШ» арқылы жөнелтеміз деген.
Тексеру кезінде ұсталған азаматтардан 60 азаматтың төлқұжатының көшірмесі табылған.
Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.
Соңғы кезде өзбекстандықтар арасында Мексика арқылы АҚШ-қа жөнелу мүмкіндігін іздеушілер көбейіп кетті.
10 желтоқсанда Өзбекстанның сыртқы миграция қызметі Америка әскері шекарадан заңсыз өтпек болған төрт өзбек азаматын ұстағанын хабарлады деп мәлімдеген. Олардың қазіргі тағдыры белгісіз.