Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда ер азамат әйелін бауыздап өлтіріп, одан соң өзіне қол жұмсады

Өзбекстанның Сырдария облысы Янгиер қаласында бір ер азамат әйелін бауыздап өлтіріп, артынша өз-өзіне қол салған. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары Бас прокуратураға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, оқиға 2 наурызда сағат 08:20-да Янгердегі медициналық колледж ауласында болған. 46 жастағы жігіт 40 жастағы әйелін пышақпен бауыздаған. Ол әйелдің мойнына, көкірек тұсына және жеті мәрте аяғына пышақ сұққан.

Сосын жауаптан қашу үшін өзіне екі мәрте пышақ сұққан. Ер азамат Янгиер қаласындағы аурухалардың біріндегі жансақтау бөліміне жеткізілді, бірақ сол жерде қайтыс болды.

Қалалық прокуратура қасақана кісі өлтіру қылмысы бойынша іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр.

Источник

Exit mobile version