Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар көбейді

16 қаңтарда Өзбекстанда 1037 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұған дейінгі рекорд 2021 жылғы 5 тамызда тіркелген – 974 адам.

Ауру жұқтырғандардың дені (535) Ташкент қаласында тұрады. Ташкент облысында 172 адамнан вирус анықталды. Самарқанд облысында – 55, Жизақта – 40, Қарақалпақстанда – 39, Хорезмде – 35.

Республикада пандемия басталғалы бері 206,1 мың адам коронавирус жұқтырған.

Бір тәулікте үш адамның COVID-19-дан қайтыс болғаны хабарланды. Пандемия басталғалы бері елде 1518 адам коронавирустан көз жұмды.

Источник

Exit mobile version