Соңғы бір аптадан бері Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны қайтадан көбейіп жатыр. Бұл туралы өлкенің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Мекеме мәліметіне қарағанда, 24 қарашада 98 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталған.
Соңғы бір аптада 482 адам ауруханаға жатқызылса, 358 науқас жазылып шыққан. Бұдан бөлек 2 310 адам карантинге алынып, 1 306 адам карантиннан шығарылған.
«Соңғы 14 күнде Өзбекстанда вирустың жайылу көрсеткіші 2,0-ді құраған (ДДСҰ көрсеткіші бойынш 1,0 болса, ахуал тұрақты деп есептелінеді).
23 қарашаға қарағанда Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 245 665 адамға жетіп, олардың 243 234-ы (99,1%) жазылып шыққан.