Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы бойынша науқан басталды

10 мамырда Өзбекстанда мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауы бойынша науқан басталды. Бұл жөнінд Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) хабарлады.

Үміткерлерін ұсынатын партиялар 13 мамырға дейін жариялап, 15 мамырға дейін құжаттарын ОСК-ға жөнелтуі тиіс.

17 мамырдан 1 маусымға дейін партиялар үміткерлерін ұсынады.
Президенттікке үміткерлерді тіркеу 6 маусымға дейін жалғасады.

66 жастағы елдің қазіргі президенті Шавкат Мирзияев екінші мерзімге мемлекет басшысы болып 2021 жылы сайланған. Егер 9 шілдеде мерзімінен бұрын өтетін сайлауда жеңіске жетсе, онда бұл қызметте тағы 14 жыл отыруына мүмкіндік алады.

Мирзияев президент болып алғаш рет 2016 жылы, елдің бірінші басшысы Ислам Каримов 78 жасында қайтыс болғаннан кейін сайланған.

Источник

Exit mobile version