Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда мигранттарды және вальс билеген қыздарды сынаған имам қызметінен алынды

Ферғана облысы Ташлак ауданы бас имамы Шукрулло Эгамбердиев қызметінен алынды. Бұл туралы Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, мұндай шешім мекеменің ішкі бақылау комиссиясының 16 мамырдағы отырысында қабылданған.

«Комиссия Шукрулло Эгамбердиевті тәртіп жазасына тартуды және қызметінен алуды шешті. Ол қателескенін мойындап, кешірім сұрады. Сонымен бірге имам-хатибтің абыройына нұқсан келтіруден аулақ болуға шақырамыз. Оның бағасын тиісті органдар береді», — деп жазылған Мұсылмандар діни басқармасының мәлімдемесінде.

Өткен аптада әлеуметтік желіде Эгамбердиевтің шетелде жұмыс істеп жүрген еңбек мигранттарын және вальс билеген қыздарды сынаған видеосы тараған.

Источник

Exit mobile version