Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда президент Мирзияевқа Интернетте тіл тигізген ер азаматтың үстінен іс қозғалды

Жизақ облысына қарасты Бахмаль ауданының 52 жастағы тұрғынының үстінен Өзбекстан президентіне тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалды.

Жизақ облысы прокуратурасының хабарлауынша, күдікті Youtube платформасында аккаунт, Facebook’те парақша ашып, В. K. деген қысқартылған атпен видеолар жариялаған, тікелей эфирге шыққан.

«Ол бұл видеоларда президент бастамасымен жүргізілген ауқымды реформаларды терістеп, президентке тіл тигізген, мемлекет басшысының мансабына нұқсан келтіретін ақпараттар таратқан, сол арқылы оған жала жапқан», – делінген прокуратура мәлімдемесінде.

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің Жизақ облысы бойынша басқармасы Бахмаль ауданының тұрғынының үстінен «Өзбекстан президентіне көпшілік алдында тіл тигізу немесе жала жабу» қылмысы бойынша іс қозғалды.

Тағылған айып дәлелденсе, ол бес жылға дейін сотталуы мүмкін.

Былтыр наурыз айында Өзбекстанның қылмыстық кодексіне президентке жала жапқандарға жаза қолдануды қарастыратын заң ережесі енгізілді. 30 наурызда заңға президент Шавкат Мирзияев қол қойды.

Источник

Exit mobile version