Site icon KAZAKBOL

Өзбекстаннан Қырғызстанға 15 қарақұйрық жіберіледі

Қазан айында Қырғызстанға Өзбекстаннан 15 қарақұйрық әкеледі. Бұл жөнінде Қырғызстанның Ұлттық биология институты омыртқалы хайуандар зертханасының меңгерушісі Асқар Дәулетбақов мәлімдеді.

«Қырғызстанда қарақұйрық толығымен жойылып кетті. Соңғы рет 2007 жылы үшеуін көргенмін. Осыдан кейін мүлдем көрмедік. Сол себептен жойылып кетті деп есептейміз. Келесі айда 15 қарақұйрық әкелінеді. Оларды әріқарай көбейтеміз», — деді Дәулетбақов.

Қарақұйрық Қырғызстанда Қызыл кітапқа енгізілген. Бұл жануарды атқан адамға бір миллион сом көлемінде айыппұл салынады.

Өткен ғасырда Қырғызстанның Ыстықкөл, Шу аймақтарында қарақұйрық көп болатын. Кейін бірден жойылып кетті.

2019 жылы Қырғызстан мен Қазақстан қайтарымсыз 50 қарақұйрық беру жөнінде келісімге қол қойған болатын.

Источник

Exit mobile version