Site icon KAZAKBOL

«Құмтор Голд Компани» Қырғызстан бюджетіне өте көп қаржы құйды

Биылғы қаңтар-сәуір айларында «Құмтөр Голд Компани» республика бюджетіне өте көп салық төледі.

Компания мәліметінше, осы уақыт аралығында кәсіпорын мемлекет қазынасына 11 млрд 389,9 млн сом аударған. 7 млрд 785,9 млн сом Қырғызстанның минерал-шикізат базасын дамытуға жұмсалған.

Еске салайық, сәуірдің басында қырғыз үкімет басшысы Ақылбек Жапаров биыл Құмтөрден 500 млн доллар таза табыс таду көздегенін мәлімдеді.

«Құмтөр Голд Компани» былтыр 14 тонна 561 кг алтын өндірілгенін хабарлады. Оның саудасынан 865 млн доллар табыс түсті. Алайда ол алтын қайда екені туралы ашық мәлімет жоқ.

Құмтөр – Қырғызстандағы ең ірі алтын кеніші. Мұнда жылына 15-17 тонна алтын өндірілді.

Источник

Exit mobile version