Site icon KAZAKBOL

Қазақстан, Қырызстан және Ресей азаматтардың жеке мәліметі туралы ақпарат алмасады

Қырғызстан Қазақстан мен Ресеймен азаматтардың жеке мәліметі туралы ақпарат алмасу жөніндегі келісімді мақұлдады. Бұл туралы қырғыз президентінің баспасөз қызметі 21 маусымда хабарлады.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Жеке мәліметтерді алмасы саласындағы әкімшілік мәселелерді шешу жөнінде өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды.

Келісім аясында тараптар азаматтықтың бар-жоқтығы, тараптар аумағында жүріп-тұруға құқық беретін құжаттары бар-жоқтығы, тіркеуде тұрған-тұрмағаны, виза алуы, жылжымайтын мүлкі, мүлікке қатысты міндеттері, қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылған-тартылмағаны, жеке куәлігі туралы мәліметтер алмаса алады.

Үш ел келісімге 2020 жылғы 18 желтоқсанда қол қойған. Жогорку Кеңеш оны ратификациялау туралы заңды биыл 25 мамырда қабылдаған.

Қазақстан да, Ресей де ратификациялау жұмыстарын аяқтаған.

Жеті миллион тұрғыны бар Қырғызстанның миллионнан астам азаматы шетелде, олардың көбі Ресей мен Қазақстанда еңбек миграциясында жүр.

Источник

Exit mobile version