Site icon KAZAKBOL

Қазақстан Өзбекстанға мал сатуға тыйым салды

10 қазанда Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі шетелге алты ай бойы мал сатуға тыйым салды.

Жарты жыл бойы шетелге сиыр, қой мен ешкі сатуға болмайды.

Өзбекстан малды негізінен Қазақстаннан сатып алып отыр. Шетелге мал сатуға тыйым салатын жоба жазда дайындалған. Өйткені Өзбекстанда шаруа қожалықтарын дамыту бағдарламасы аясында шетелден мал сатып алуға арзан несие бөле бастаған.

Өткен жылы 50 мың бас ірі қара Қазақстаннан Өзбекстанға сатылды. Биыл алты айда 63,5 мың ірі қара осы елге өтті. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі бұны қауіпті деп санап, шетелге мал сатуға тыйым салды.

centralasian.org

Exit mobile version