Site icon KAZAKBOL

Қазақстан мұнай экспорттаудың баламалы жолын іздеп жатыр

Қазақстанның энергетика министрлігі «Каспий құбыр желісі консорциумы» теңіз терминалындағы үш жабдығының екеуі уақытша істен шығып қалғаннан кейін, мұнай экспорттаудың баламалы жолын іздеп жатқанын мәлімдеді.

Бір күн бұрын «Каспий құбыр желісі консорциумы» қатты дауылдан Новороссийский түбіндегі теңіз терминалындағы құбыр істен шыққан. Бұл мұнай тасымалдау көлемін азайтуға әкеледі ме деген қорқыныш туғызып отыр.

Консорциум оны жөндеуге кемінде үш апта кететінін айтады.

Қазақстан үшін «Каспий құбыр консорциумы» басты мұнай тасымалдаушы. Бұл арқылы әлемдік нарыққа тәулігіне 1,2 миллион баррель мұнай шығарылады. Бұл әлемдік жеткізудің 1,2 пайызын құрайды. Қазақстаннан шыққан мұнайды Chevron, Exxon Mobil, Eni және Shell компаниялары өндіреді.

Источник

Exit mobile version