Site icon KAZAKBOL

Қазақстан мен Тәжікстан арасында рейстер саны көбейеді

Қазақстан мен Тәжікстан арасында жолаушылар рейсі көбейеді деп хабарлайды Kapital.kz Қазақстанның Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

25 сәуірден бастап Тәжікстанның «Сомон Эйр» әуе компаниясының рейстері Душанбеден Алматыға аптасына екі рет ұшатын болады. Осыған дейін тек бір рет ғана ұшып келген.

Ал 1 мамырдан бастап «Эйр Астана» компаниясының ұшақтары Душанбе мен Алматы арасында аптасына үш рет, 1 маусымнан бастап, аптасына 4-ке дейін ұшады.

Осылайша екі ел арасында рейстер аптасына алты рет ұшады.

Turkish Airlines компаниясы да Түркия мен Тәжікстан арасында әуе қатынасын аптасына 3 ретке дейін көбейтетінін мәлімдеген.

Источник

Exit mobile version