Қазақстан Тәжікстаннанның Қайраққұм су қоймасынан егістік үшін қосымша 315 млн текше метр су алатын болды. Оңтүстіктің фермерлері Сырдарияда су жетіспеушілігінен күрішті суғаруды азайтқан. Биыл Сырдарияда су мөлшері аз болып тұр.
Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар жөніндегі министрдің орынбасары Серік Қожаниязов шілде-тамыз айларында «Бахри Точиктан» (Қайраққұм су қоймасынан) қосымша 315 млн текше метр су алатынын жеткізді. Ол Тәжікстанға судың орнына жанар-жағар май беретінін айтты.
Азаттық радиосының тәжік қызметінің жеке бұлағы 31 мамырда Душанбеде Тәжікстанның энергетика және су ресурстары министрі Далер Жума мен Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар жөніндегі министрі Мағзұм Мырзағалиев су мәселесі бойынша келісімге келгенін жеткізді. Бірақ ол Қайраққұм су қоймасынан Өзбекстанға қосымша су беріле ме, жоқ па, ол туралы мәлімет білмейтінін айтты. 10 маусымда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Тәжікстанға барған ресми сапары кезінде Қайраққұм ГЭС-іне барған. Ол оған дейін өзбекстандық диқандарға биыл су тапшылығы болатынын және суғаратын су 60 пайызға қысқаратынын ескерткен.
Тәжікстанда Мұздықтарды зерттеу орталығының директоры Абдулхамид Каюмов биыл қар аз түскендіктен судың да аз болатынын ескертті. «Қазір Варзоб өзенінің басында су мөлшері 30 см ғана. Бұл өте апатты жағдай»,-деді ол.
Қайраққұм Тәжікстандағы ең ірі су қоймасы. Оның ұзындығы 65 шақырым, көлемі 20 шақырымға дейін барады. Су қоймасына 3 миллиард 413 миллион текше метр су сияды. Тәжікстанда жалпы 9 су қоймасы бар.