Site icon KAZAKBOL

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген 15 итбалық өлі табылды

Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі жиегінде Қызыл кітапқа енген 15 итбалық өлі табылды. Бұл жөнінде Қазақстанның экология министрлігі хабарлады.

Итбалықтардың қырылуы бойынша тергеу жүріп жатқаны айтылды. Мамандар судың және ауаның үлгісін алған. Өлекселер шіріп кеткендіктен, гистологиялық үлгі алуға мүмкін болмаған.

Осыған дейін де Каспий теңізі жағалауынан мыңдаған өлі итбалық табылған. Былтыр желтоқсан айында Дағыстанда 2,5 мың, кейін тағы жүзге тарта жануар өлі табылған.

«Росприроднадзор» итбалықтар табиғи газдан уланған деген бітім шығарған. Тәуелсіз мамандар әскери жаттығулардың көбеюі салдарынан жануарлар қырылып жатыр деп біледі.

Былтыр Қазақстанда 200-ге жуық итбалық өлі табылған.

Ресми мәлімет бойынша, қазір Каспийдегі итбалықтар саны 90 пайызға азайған. 2008 жылы жойылып бара жатқан жануарлар тізіміне енген. 2020 жылы итбалықтар Ресейдің және Қазақстанның Қызыл кітаптарына енген.

Источник

Exit mobile version