Site icon KAZAKBOL

Қазақстанда ұсталған ресейлік майор қырық тәулікке қамауға алынды

Астанадағы сот Ресей федералдық күзет қызметінің майоры Михаил Жилинді тергеу изоляторына 40 тәулікке қамау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Жилиннің әйелінің айтуынша, онлайн форматта өткен сотқа бақылаушылар қатыспаған. Бұл уақытта офицердің туыстары мен адвокаттары майорға босқын мәртебесін беруден бас тартқан Абай облыстық басқармасының шешіміне шағымдануды көздеп отыр. Өйткені Ресей жағы Қазақстаннан Жилинді экстрадициялауды сұраған.

«Бүгін біз сотқа оны экстрадициялауға болмайтынын, босқын мәртебесіне қатысқы шешімге шағым түсіретінімізді ескерттік», — дейді офицердің әйелі.

Желтоқсанның басында Жилинді Астанадан Арменияға ұшқалы жатқанда ұстаған. Қазір ол астанадағы тергеу изоляторында отыр.

Ресейде Михаил Жилин президент Владимир Путиннің аймақтармен байланысына жауап берген, мемлекеттік құпияны білу құқығына ие болған, сол себепті оған шетелге кетуге тыйым салынған.

Ресей Украинаға басып кірген уақытта Михаил Жилинге жұмыстан өз еркімен кетуге рұқсат бермеген, бірақ мобилизация жарияланған уақытта ол елден қашқан. Майорды Қазақстан шекарасынан өткен уақытта ұстаған, бірақ кейін босатып жіберген. Жилин отбасымен біраз уақыт Семей қаласында тұрған, сол жерде саяси босқын мәртебесін сұраған, бірақ жергілікті басқарма оның өтінішін қанағаттандырмаған.

Источник

Exit mobile version