Site icon KAZAKBOL

Қазақстанда бір миллионнан астам адам өзін банкрот деп жариялауы мүмкін

Қазақстанда «Қаржылық төлем қабылетін қалпына келтіру және банкроттық жөніндегі» заң қабылданғаннан кейін бір миллионнан астам адам өзін банкрот деп жариялауы мүмкін. Осылай деп қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов мәлімдеді.

«1 миллион 100 адам өзін банкрот деп жариялауы мүмкін. Бұл максималдық түрдегі болжам. Бұл әрине азаматтардың өз қалауы, «банкрот» мәртебесі қара дақ ретінде қалады деп, азаматтар ойлануы да мүмкін», — деді Біржанов.

Оның айтуынша, бұл мәртебе ол адамда қарызы бар ретінде жеті жыл тұрады. Ол бес жылға дейін несие ала алмайды.

Вице-министр қаңтар айынан бері 10 мың адам өзін банкрот деп тану жөнінде өтініш берген.

Ол сонымен бірге банкрот деп танылған адам жарты жыл ішінде елден шыға алмайтынын да ескертті.

Аталған жаңа заңға сәйкес, 3 наурыздан бастап несиесін тұрақты төлей алмаған қазақстандықтар өзін банкрот деп тану жөнінде өтініш бере алады.

Источник

Exit mobile version