Site icon KAZAKBOL

Қазақстанда Tengri Bank’тің бұрынғы басшысы ұсталды

Қазақстанның қаржы мониторингі жөніндегі агенттігінің хабарлауынша, банк операцияларын орындатын лицензиядан айрылған коммерциялық Tengri Bank’тің бұрынғы басқарма төрағасы ұсталды.

Агенттік мәліметіне қарағанда, Ержан Шайкеновті 16 ақпанда ұстаған. Банк топ-менеджеріне нақты нақты қандай айып тағылғаны айтылмады.

15 ақпанда Алматы қаласының ауданаралық экономикалық сотының банк қызметін мәжбүрлі түрде тоқтату жөніндегі үкімі күшіне енді.

Былтыр қыркүйекте Tengri Bank банк ережелерін бұзғаны үшін лицензиядан айрылған.

Биыл ақпан айының басында банктің бұрынғы әкімшілік-шаруашылық директоры Алмас Бақытов пен жекеменшік бір компанияның жетекшісі Тоғжан Рахметовке іздеу жарияланды.

Былтыр қарашада банктік басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Бахтияр Ілиясов пен Алматы филиалы директорының бұрынғы орынбасары Әсет Жадыков банктен ақша ұрлады деген айыппен ұсталған.

Қазақстанда екінші деңгейлі 25 банк бар. Биыл ақпанда AsiaCredit Bank лицензиясынан айрылды.

centralasian.org

Exit mobile version