Site icon KAZAKBOL

Қазақстандық медиаменеджер Батыр Қазыбаев дүниеден өтті

Қазақстандық Tengrinews.kz сайтының негізін қалаушы және Alash Media Group холдингінің басшысы Батыр Қазыбаев 53 жасында ұзаққа созылған сырқаттан өмірден озды.

Қазыбаев 10 жылдан астам уақытта Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz ақпарат агенттіктерін, «Жұлдыз FM», «Ретро FM Қазақстан» радиолары мен СТВ телеканалы кірген медиахолдингті басқарды. Ол «Жетінші арнаны» құруға және The Spirit of Tengri этникалық музыка фестивалін ашуға көмек көрсетті.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Батыр Қазыбаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Батыр Қазыбаев — белгілі жазушы Кәкімжан Қазыбаевтың ұлы.

Источник

Exit mobile version