Site icon KAZAKBOL

Қазақстандықтар биліктің ит пен мысық асырауға қатысты идеясына наразы

Қазақстандықтар үкімет қабылдағалы отырған үй жануарларын асырауға қатысты жаңа талаптарға қарсы шықты.

Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігінің өзгертілген жарлығы үйде тұратын ит пен мысықтардың бәрін міндетті түрде піштіруді қарастырады. Жаңа тәртіп бойынша иттерде арнайы орындардан басқа жерлерде серуендетуге тыйым салынады.

10 жылдан астам уақыттан бері ит асыраумен айналысатын Анастасия Зюзина үкімет дайындаған жаңа тәртіпке, соның ішінде иттердің бәрін піштіруге қатысты ережеге қарсы шықты.

«Біз тұқымы мықты жануарлар ұстаймыз. Қазақстанды халықаралық көрмелерде таныстырамыз. Дейнерис атты итім көптеген көрмелерде топ жарған. Ол — Қазақстан мен Өзбекстан чемпионы. Енді Қазақстан иттердің бәрін піштіреміз дейді. Мұндай тәртіп тұқымның жойылуына алып келеді», — дейді ол.

Үкімет дайындаған тәртіпте иттті серуендеуге шығарған уақытта иттұмсық кигізу керектігі айтылған. Үй жануарларын асыраушылардың пікірінше, осындай ереже авторлары мамандармен ақылдаспаған сияқты.

Құжатта ит адамға шабуылдаған жағдайда жасалатын әрекеттер сипатталған. Тәртіпке сәйкес, адамдар мен басқа да жануарларды қапқан иттерді он күн бойы жабық бөлмеде ұстау қажет.

Жаңа ережелер жобасын талқылау 6 сәуірде аяқталды. Бірақ үй жануарларын асыраушылар ешқандай талқылау өтпегенін, Қазақстан билігі тұрғындардың көзқарасы мен мүдделерін ескергісі келмейтінін айтып отыр.

Источник

Exit mobile version