Site icon KAZAKBOL

«ҚазАвтоЖол» жеті жолдың ақылы болғанын хабарлады

Қазақстанда республикалық маңызы бар күре жолдардағы жеті жол 23 қарашадан бастап ақылы болады, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» кәсіпорыны.

Нұр-Сұлтан — Павлодар, Қапшағай — Талдықорған, Тараз — Қайнар, Шымкент — Тараз, Шымкент — Қызылорда, Шымкент — Ташкент, Щучинск — Көкшетау жолдарымен жүру үшін ақы төлеу қажет. Осы уақытқа дейін бұл жолдарда ақы төлеу жүйесі сыналған.

«Ақылы жолдармен жүру үшін 1000 теңгеге (2.3 доллар) бір жылға жарайтын абонемент алуға болады», — делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында. Мұндай абонементті ақылы жолдарға қызмет көрсету орталықтарынан сатып аласыз.

Билік ақылы жолдардан түскен қаражатты қызмет көрсетуге және автожол желісін дамытуға жұмсауға уәде берді.

Источник

Exit mobile version