Site icon KAZAKBOL

Қырғыз үкіметі шекарадағы жанжалда тағы үш адамның жараланғанын хабарлады

13 сәуірде кешке Тәжікстанмен шекарадағы жанжалда жараланған үш адам ауруханаға түсті. Бұл туралы Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, барлығы алты адам ауруханаға түскен, олардың екеуі алғашқы медициналық көмек алған соң үйге қайтқан.

Қазір Лейлек ауданындағы аурухананың хирургия бөлімінде шекарадағы жанжалда жараланған төрт науқас жатыр, олардың екеуі — әскер қызметкері. Олардың бәріне оқ тиген, екеуінің жағдайы орташа ауыр, тағы екеуінің жағдайы бірқалыпты деп бағаланды.

Еске салайық, шекарада жанжал болған күні бір шекарашыға оқ тигені хабарланды, ал 13 сәуірде таңертең денсаулық сақтау министрлігі тағы екі науқас түскенін мәлімдеді.

12 сәуірде кешке Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары атысты. 13 сәуірге қараған түні көрші елдер күштері мен қару-жарақтарын оқиға орнынан алып кеткені хабарланды. 13 сәуірде Баткен облысында Қырғызстан мен Тәжікстан делегацияларының келіссөздері басталды.

Источник

Exit mobile version