Site icon KAZAKBOL

Қырғыз билігі танымал манасшы Доолот Сыдыковтың елден кетуіне пікір білдірді

Қырғызстан үкіметі басшысының орынбасары Еділ Байсалов елден кеттім деп мәлімдеген манасшы Доолот Сыдыков жөнінде пікір білдірді.

Ол Азаттықтың қырғыз қызметіне берген сұқбатында Сыдыковтың іс-әрекетін түсінбегенін, қазіргі билік Манас жырының кең тарауына ерекше көңіл бөліп жатқанын айтты.

«Доолоттың бұл қадамы – ақымақтық. Оған ешкім қорқытып, қысым жасауы мүмкін емес. Мен таңқалып отырмын», — деді Байсалов.

Манасшы Доолот Сыдыков «Манас ауылы» мәдени-этнографиялық кешеннің басшылығынан кеткенін мәлімдеген. Ол өзіне қысым жасалғаннан кейін, отбасымен бірге Қырғызстаннан көшкенін де жеткізген.

Осының алдында Доолот Сыдыков белгісіз топ «Манас ауылы» мәдени кешені орналасқан жерді тартып алмақшы деген. Бұл мәселе Жогорку Кеңеште 14 сәуірде де көтерілген. Журналист Али Токтакуновтың зерттеуінде, бұл жердің орнына президент әкімшілігінің жаңа ғимараты салынуы мүмкін екені айтылған.

Кейін Қырғыз президенті Садыр Жапаров «Манас ауылы» кешені жөндеуден өтеді, бұл кешеннің жанына «Манас» театры салынады деді.

«Манас ауылы» кешені 1995 жылы Манас жырының 1000 жылдығы қарсаңында салынған.

Источник

Exit mobile version