Site icon KAZAKBOL

Қырғыз цифрлы даму министрлігі мобильді телефонды тіркеу үшін 700 сом алмайтын болды

Қырғызстан цифрлы даму министрлігі байланыс құрылғысын тіркеу үшін 700 сом (шамамен 8 доллар) алмайды.

Министрліктің хабарлауынша, БАҚ үкіметтің қоғам талқылауына шығарған заң жобасын дұрыс түсіндірмеген. Заңдарға енгізілетін түзетулерге сәйкес, елдегі мобильді телефондардың бәрін мемлекеттің идентификация жүйесіне енгізу керек.

Тіркеуде жоқ телефон 30 күнде мобильді байланыс операторы желілерінің қызметінен ажыратылады. Бір телефонды тіркеу 700 сом тұрады деп хабарланған.

Министрлік осы арқылы елге контрабандалық жолмен келетін өнімдер санын қысқартуды көздеп отыр. Үкімет мәліметінше, республика аумағындағы байланыс құрылғыларының дені заңсыз жолмен келген.

Мобильді телефон ұрланған жағдайда оның кімнің мүлкі екенін тез анықтауға болады.

Источник

Exit mobile version