Site icon KAZAKBOL

Қырғыз депутаттары Ресейдің еңбек мигранттарына жаңа талап қоюына алаңдайды

Жогорку Кенештің бірнеше депутаты 16 ақпанда өткен мәжілісте Ресейдің еңбек мигранттарына қойған талаптарына алаңдайтынын мәлімдеді.

Ресейдегі еңбек мигранттары медициналық тексеруден, дактилоскопиялық тіркеуден өтіп, суретке түсуі тиіс. Қырғыз депутаты Дастан Бекешевтің пікірінше, мұндай талаптар еңбек мигранттарына қиындық туғызып отыр, сол себепті мәселе мемлекет басшылары деңгейінде қаралуы тиіс.

«Медициналық тексеруден өту үшін мыңнан астам адам кезекте тұр. Анықтама 6 мың рубль тұрады. Тексеруден әр тоқсан сайын өту қажет. Президентіміз Ресей басшысына шығып, азаматтарымыз Ресей азаматтығын алсын ба деп сұрасын. Бұл мәселені ашық талқылауымыз керек, Ресей рұқсат берсе, қос азаматтық туралы келісімге отырайық», — деді ол.

Депутаттар Жанар Ақаев, Адахан Мадумаров, Бақыт Торобаев және Жүсіпбек Коргонбай уулу да осы мәселеге қатысты пікір айтты. Мәселен, Жанар Ақаев Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық кеңестегі өкілдерін осы мәселені көтермеді деп сынады.

Еске салайық, 2021 жылғы 29 желтоқсанда Ресей жұмыс істеуге келетін шетел азаматтарына қойылатын талаптарды күшейтті.

Ресми мәлімет бойынша, Ресейде Қырғызстанның 1 миллионнан астам азаматы жұмыс істеп жүр.

Источник

Exit mobile version