Site icon KAZAKBOL

Қырғыз президенті: Кемпірабад жерін Өзбекстанмен кейін де алмастыра аламыз

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың хабарлауынша, Кемпірабад су қоймасы ораналқан 4127 га жерді (ҰҚМК басшысы Қамчыбек Тәшиев дерегі бойынша 4485 га) кейін Қырғызстан Өзбекстанмен алмастыра алады.

Мемлекет басшысы депутаттарды Өзбекстанмен мемлекеттік шекарадағы жер телімдерінің кейбірін делимитациялау жөніндегі келісімді ратификациялау ісіне ұқыпты қарауға шақырды.

«Су қоймасында су құрғап қалды делік. Сол кезде біз дәл сондай көлемдегі жерге алмастыра аламыз, өйткені өзбек жағына күріш пен мақта егуге болмайтын тастақ жер керек емес. Жандайшаптардың кейбірі біз оларға басқа жер беретін едік деп жүр, алайда өзбек әріптестердің басы жақсы істейді. Оларды бізден 30-40 жылға озып кетті, ал біз әлі айқайлап жүрміз. […] Солардың-ақ айтқаны болсын — 4 мың гектар егістік жерін берейік, ал су тартылса, жерді Үзген суының астында қалдырайық, олар [өзбек жағы] қуана келіседі. Өйткені олар су 100-200 жылға ғана жететінін, ары кетсе бірнеше ғасырға ұзаруы мүмкін екенін біледі. Ал оған дейін біз берген жерлерді игере береді. Құрметті үзгендіктер, асықпаңдар, су астындағы жерлерді бір жыл, 10 немесе 100 жылдан кейін де алмастыра аламыз. Ал оған дейін жерді өзіміз игерейік»,- деді Жапаров.

Қырғызстан ҰҚМК төрағасы Қамчыбек Тәшиев қырғыз-өзбек шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкімет делегациясының басшысы ретінде парламент алдында Өзбекстанмен келісім жобасын түсіндірді.

Депутаттардың сауалдарына жауап берген Тәшиев Кемпірабад су қоймасы астындағы жерлерден басқа Өзбекстанға қосымша жер берілмегенін айтты. «Бір сотық, бір гектар жер де көршіге берілген жоқ. Біз су астындағы 4 485 гектарды ғана бердік, болды. Басқа ауылдардағы жерлер берілмеді. Біз 19,5 гектар жерді алмастырдық. Үзген ауданына олар 19,5 гектар берді, біз де осынша көлемдегі жер бердік. Басқа ешқандай жер көрші елге өткен жоқ», — деп мәлімдеді арнайы қызмет басшысы.

3 қарашада Бішкекте Қырғызстан мен Өзбекстан сыртқы істер министрлері қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасындағы кейбір жер телімдері жөніндегі келісім-шартқа және Кемпірабад су қоймасының су ресурсын бірге басқару жөніндегі келісімге қол қойды. 14 қарашада Өзбекстан парламентінің заң шығарушы палатасы келісімді ратификациялады.

15 қарашада Жогорку Кенештің халықаралық істер, қорғаныс, қауіпсіздік және көші-қон мәселелері жөніндегі комитеті құжатты бірден үш оқылымда мақұлдады.

Қырғызстанда оппозиция жағындағы саясаткерлер мен белсенділер Өзбекстанмен келісімді қолдамай, Кемпірабад су қоймасының жерлерін көрші мемлекетке бермеуді талап етті.

Источник

Exit mobile version