Site icon KAZAKBOL

Қырғыз прокуратурасы Орталық Азиядағы америкалық университет президентін елден шығармай отыр

Орталық Азиядағы америкалық университеттің президенті Эндрю Качинс Қырғызстан аумағынан кете алмайды.

Қырғызстан бас прокуратурасының хабарлауынша, университет президенті АҚШ-қа кеткісі келсе, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі оны шекарада ұстайды.

Еске салайық, сәуірдің аяғында Эндрю Качинс тергеуге шақыртылған. Оған есірткі заттарын заңсыз сақтады деген айып тағылған. Тергеу жүріп жатыр.

Фейсбукте «Орталық Азиядағы америкалық университет студенттері» тобында оқу орнының қамқорлық кеңесінің мүшесі Дэвид Лахдхир Біріккен Араб Әмірліктерінен келген жәшікте Качинс дәрігері тағайындаған дәрілер болғанын жазды. Лахдхирдің айтуынша, бұл дәрілерді АҚШ-та қабылдауға рұқсат бар, оларды америкалық ірі дәріхана поштамен жолдаған.

Эндрю Качинс Орталық Азиядағы америкалық университет ректоры қызметіне 2019 жылы тағайындалды.

Источник

Exit mobile version