«Электр станциялары» компаниясының бас директоры Талайбек Бектенов қазақстандық Hampton Resources Limited компаниясымен Бішкек ЖЭЦ-не көмір жеткізу мен қазандықтарға қарау жөнінде келісімге отырған деген мәліметті жоққа шығарды.
Бектеновтің айтуынша, қазақстандық компания астанадағы ЖЭЦ-ке көмір жеткізумен айналыспайды.
«КО» маркалы көмірді бір мәрте ғана қолдандық. Жеті тонна ғана. Біз тендер өткіздік, оны Hampton Resources Limited компаниясы жеңіп алды. Сонымен бітті, компаниямен ешқандай келісімге отырмадық», — деді Бектенов.
Қазан айында әлеуметтік желілерде министрлер кеңсесі төрағасының «Электр станциялары» компаниясына берген нұсқауының көшірмесі жарияланды. Онда қазақстандық Hampton Resources Limited компаниясымен келісімге отырып, Қарағандыда өндірілген көмір алу, сонымен бірге компания қызметіне қазандықтарды беру туралы сөз болған.
Парламенттегілер үкіметтің мұндай шешімін сынап, шетел компаниясының күмәнді қызметі жөнінде пікір айтты.
Кейін президент аппаратындағылар «КО» маркалы көмірді қолдану экологияға оң әсер ететінін мәлімдеді.