Site icon KAZAKBOL

Қырғызстан қаржы пирамидасын жарнамалағандарға қылмыстық жауапкершілік енгізді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қаржы пирамидасын жарнамалағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартатын заңға қол қойды. Бұл жөнінде ҚР президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан былай қаржы пирамидасын жария түрде әлеуметтік желілерде, БАҚ-та жарнамалағандарға 150-200 мың сомға дейін (1700-2300 доллар шамасында) айыппұл салынады.

Заң жобасын қырғыз парламенті 5 сәуірде қабылдаған.

Қырғызстан ІІМ 2022 жылы қаржы пирамидасы бойынша 1 052 қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген. Азаматтарға 273 миллион сом және бір млн 579 мың доллар шығын келген.

Былтыр Қазақстан да қаржы пирамидасын құрушыларға жазаны күшейтетін заң қабылдаған. Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда да жылына мыңдаған адам қаржы пирамидасының құрбаны болып жатады.

Источник

Exit mobile version