Site icon KAZAKBOL

Қырғызстан Өзбекстан және Тәжікстанмен шекараға уақытша бекініс орнатты

Ауғанстандағы жағдайға байланысты Қырғызстан Өзбекстан және Тәжікстанмен арадағы шекарасына уақытша қосымша бекініс орнатқан. Осылай деп Қырғызстанның шекара қызметі хабарлады.

«Қауіпсіздік мақсатында қырғыз-тәжік және қырғыз-өзбек шекарасына бекіністер орнаттық. Қосымша күш жұмылдырылды»,- делінген мекеме мәліметінде.

Қырғыз шекара қызметі шетел азаматтарын тек арнайы рұқсат құжатпен ғана кіргізетінін ескертті.

Қырғызстанның Ауғанстанмен ортақ шекарасы жоқ. Бірақ осыған дейін Тәжікстан шекарасы арқылы Баткен облысына исламшыл содырлардың кіріп кеткен жағдайлар орын алған.

Өткен аптада Өзбекстан СІМ 84 ауған әскері шекарадан өтіп, көмек сұрағанын хабарлаған.

Источник

Exit mobile version