Site icon KAZAKBOL

Қырғызстан 1 сәуірден бастап қант пен өсімдік майы импортына қосымша құн салығын алып тастайды

Қырғызстанда 1 сәуірден бастап шетелден әкелінетін қант, өсімдік майына қосымша құн салығы салынбайды.

Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл шешімнің күші 31 желтоқсанға дейін созылады.

15 наурызда ел президенті Садыр Жапаров үкіметке 1 000 тонна қант пен 500 мың литр өсімдік майын қорға сақтап қоюды тапсырған. Сол кезде төтенше жағдай министрі Бообек Ажикеев қант, ұн, өсімді майы қоры жеткілікті деген.

Әзірге арзандатылған қант пен өсімдік майы арнайы дүкендерде ғана сатылады. Монополияға қарсы қызмет азық-түлік бағасын өсірмеуді қадағалау үшін рейд жүргізетінін мәлімдеген.

Өткен аптада қырғыз билігі ауыл шаруашылығы өнімдерінің кейбір түрлерін экспорттауға уақытша тыйым салған.

Источник

Exit mobile version