Site icon KAZAKBOL

Қырғызстан аумағындағы Сох анклавында (Өзбекстан) жаңа әуежай жұмыс істей бастады

Humo Air әуе компаниясы 12 желтоқсанда Ферғана-Сох-Ферғана бағытында алғашқы рейсті жүзеге асырды. Өзбекстан көлік министрлігінің хабарлауынша, әзірге рейстер аптасына екі мәрте — дүйсенбі мен жұмада ұшады.

Ферғана-Сох рейсі сағат 10:00-да, ал Сох-Ферғана рейсі 12:00-де әуеге көтеріледі.

Жолаушыларды Ан-2 ұшағы тасиды. Ұшу уақыты — 30 минут.

Министрліктің хабарлауынша, әуе билеттері Ферғана, Әндіжан және Наманган әуежайларында, сонымен бірге Сох ауданы әкімдігінің ғимаратында сатылады.

Сох әуежайының құрылысына мемлекет бюджетінен 6,8 миллиард сум ($631 мың) бөлінді.

Әуежай құрылысы аяқталғаны қазанның ортасында мәлім болды. Сох тұрғындары жылдар бойы Ферғана облысының орталығына Қырғызстан арқылы жетуге мәжбүр болды. 2020 жылғы мамырда өзбек-қырғыз шекарасындағы тұрғындар Чашма бұлағына таласып, арты жанжалға ұласты. Содан кейін Өзбекстан үкіметі Сох ауданына қатысты кешенді шараларды қолға алды.

Источник

Exit mobile version