Site icon KAZAKBOL

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі 12 жоғары оқу орнын лицензиядан айырады (тізім)

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі елдегі 12 жекеменшік медициналық жоғары оқу орнының лицензиясын қайтарып алады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Сарапшылар комиссиясы тізімдегі жоғары оқу орындары талапқа сай келмейтінін анықтаған. Сол себепті денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшенәлиев олардан №6 форманы қайтару туралы шешім қабылдаған. Бұл форманы денсаулық сақтау министрлігі береді.

Талапқа сай емес деп танылған жоғары оқу орындарының арасында Қырғызстан халықаралық университеті, «Авиценна» халықаралық медицина университеті, «Роэль Метрополитен Университет», «АВС» Академиясы, Халықаралық медицина және ғылым университеті, Халықаралық ғылым және бизнес университеті және басқалары бар.

№6 форманы қайтарып алу лизенциядан айыру дегенді білдіреді. Арнайы комиссия елдегі тағы бес жекеменшік медициналық жоғары оқу орнын тексеруді жоспарлап отыр.

Бұның алдында 17 медициналық білім беру мекемесі жабылатыны хабарланған.

Источник

Exit mobile version