Site icon KAZAKBOL

Қырғызстан донорлардан жыл соңына дейін бюджетке 30 млрд сом алмақ

Қырғызстан соңғы 10 айда донорлардан 12,1 млрд сом алған. Бұл жөнінде Жогорку Кеңеш отырысында қаржы министрі Алмазбек Бакетаев хабарлады.

«Соңғы 10 ай қорытындысы бойынша 12,1 млрд сом алдық, жыл соңына дейін 30 млрд 600 млн сомға жетеді. Бұл тек бюджетті қолдауға ғана», — деді қаржы министрі.

Биыл қазан айында қаржы министрінің орынбасары Руслан Татиков соңғы 10 айда халықаралық қаржы институттарынан бюджетке көмек ретінде 180 млн доллар алғанын, оның 50 млн сомы грант екенін мәлімдеген.

2021 жылы Қырғызстан халықаралық донор ұйымдарынан 38 млрд сом (447 млн 585 мың 394 доллар) алған.

Сырттан екі бағыт бойынша қаржы түседі: ірі жобаларды қаржыландыру мақсатындағы мемлекеттік инвестиция арқылы және мемлекеттік бюджетке қолдау.

Қыркүйек айындағы мәлімет бойынша, Қырғызстанның мемлекеттік қарызы 5,2 млрд доллар, оның 4,1 млрд доллары сыртқы қарыз.

Источник

Exit mobile version