Site icon KAZAKBOL

Қырғызстан мен Өзбекстан шекаралары толық анықталды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен кездесуде қырғыз-өзбек шекарасын делимитациялау процесі аяқталғанын, мұның тарихи оқиға екенін жеткізді.

«Шекара мәселесіне нүкте қою арқылы, екі ел болашақ ұрпақтың мығым, сенімді дамуына негіз қаладық. Құрметті Шавкат Миромонұлы, бұл мәселені шешуде сіздің баға жетпес рөліңізді атап өткім келеді. Осы мемлекеттік сапар аясында келісімді ратификациялау грамоталарын алмасумен бұл мағыналы оқиғаға нүкте қойылады», — деді Жапаров.

Мирзияев 26 қаңтарда екі күндік сапармен Бішкекке барған. Бұл сапар аясында бизнес форум ұйымдастырылып, жабық және кеңейтілген кездесулер өткен.

Қырғыз-өзбек шекарасының бірқатар учаскелері жөніндегі келісімді және Кемпірабад (Әндіжан) су қоймасының ресурстарын бірлесіп басқару жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заңға екі ел қол қойып, бекіткен.

Қырғызстанда су қоймсының жері Өзбекстанға өтекеніне қарсы болған 30-ға жуық саясаткер мен белсенді бүгінгі күні «жаппай тәртіпсіздік жасамақ болды» деген айыппен қамауда отыр.

Источник

Exit mobile version