Site icon KAZAKBOL

Қырғызстан мен Өзбекстанның шекарасын демаркациялау бойынша кездесу өтті

12-18 ақпанда Өзбекстанның Ферғана қаласында қырғыз-өзбек шекарасын демакрациялауға байланысты жұмыс тобының кездесуі өтті. Бұл туралы министрлер кабинетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, тараптар қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасын демаркациялау процесін реттеу және құқықтық, техникалық құжаттар жобасын дайындаған. Сонымен бірге шекараның бірқатар учаскелерін зерттеу жүргізу кестесі мақұлданған.

Жұмыс тобы келесі кездесуді қырғыз жерінде өткізуге келісті.

Президент Садыр Жапаров Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев былтың жыл соңында Бішкекке мемлекеттік сапармен келгенде, екі ел шекарасын делимитациялау процесі аяқталғанын білдірген.

Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекара қашықтығы 1314 шақырымды алып жатыр.

Источник

Exit mobile version