Site icon KAZAKBOL

Қырғызстан мен Тәжікстан шекараның 17,66 шақырымының сызба жобасын дайындады

1-6 желтоқсан аралығында Баткен қаласында Қырғызстан мен Тәжікстан үкімет делегацияларының топографиялық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, тараптар қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының 17,66 шақырымының сызба жобасын дайындады.

Бұған қоса 2023 жылғы кездесулер кестесін анықтады. Топографтардың ендігі жүздесуі Тәжікстан аумағында өтеді.

Қырғызстан үкіметінің шекара мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Нәзірбек Борубаевтың Азаттықтың Қырғыз қызметіне хабарлауынша, шекараның 17,66 шақырымы бойынша мәселе топографиялық жұмыс тобы деңгейінде шешілді. Оның айтуынша, шекараның бұл бөлігі негізінен Лейлек ауданында орналасқан.

Қарашада президент Садыр Жапаров Тәжікстанмен шекара мәселесін жаға жылға дейін шешуді көздейтінін мәлімдеген. Тәжікстанмен келіссөздер ілгері жылжығанын ҰҚМК төрағасы Қамчыбек Тәшиев те хабарлаған.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы мемлекеттік шекара 970 шақырымға созылып жатыр. Қазір соның 519 шақырымының ғана ресми мәртебесі анықталған, шекараның қалған бөлігі даулы жерлерге жатады.

Источник

Exit mobile version