Site icon KAZAKBOL

Қырғызстан милициясы 9 жастағы қызды өлтірді деген күдіктіні қамаудан босатты

Тоғыз жастағы Сумаиды өлтірді деген күдікпен ұсталған ер адам босатылды.

Оның адвокаты Мунар Сулайманов қорғауындағы азамат куә ретінде сұрауға алынып, босатылғанын мәлімдеді.

Бұл ақпаратты құқық қорғау органдарының өкілдері растап, сот-медициналық сараптама нәтижесінен кейін шешім қабылданатынын жеткізді.

23 желтоқсанда Жалал-Абад ішкі істер басқармасы қараша айында жоғалып кеткен 9 жастағы Сумаидың денесі табылғанын мәлімдеген. Қызды ұрлап әкетті деген күдікпен 1973 жылы туған ер адам ұсталған болатын.

«Біз білетін мәліметтер бойынша, күдікті Созақ ауданында тұрады. Оның әйелімен айырылсқанына 10 жылдан асқан. 18 қарашада күдікті Сумаиды алдап, үйіне ертіп әкелген. Бірнеше күн бойы қызды жертөледе ұстап келген», — деп хабарлады милиция өкілі.

Источник

Exit mobile version