Site icon KAZAKBOL

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Глазгоға жекеменшік ұшақпен барды

Қырғызстан президенті Глазгоға жалға алынған жекеменшік ұшақпен барды. Бұл туралы Азаттық радиосы қырғыз қызметінің дерекккөзі хабарлады.

Президент әкімшілігі жекеменшік ұшақтың кімнен және қаншаға жалға алынғаны туралы ресми мәліметті әзірге жариялаған жоқ.

Деректерге қарағанда, президент пайдаланатын ТУ-154 ұшағы бұл елге қона алмайды, өйткені ұшақтың бұл түрі халықаралық талаптарға сай келмейді.

ТУ-154 ұшағының №1 борты 1993 жылы шығарылған. Ресейлік баспасөздің мәліметінше, президент Владимир Путин бұл ұшақты 2006 жылы Қырғызстанның сол кездегі президенті Құрманбек Бәкиевке сыйлаған.

2019 жылы елдің сол кездегі президенті Сооронбай Жээнбеков Санкт-Петербургтен қайтар кезде ұшақ техникалық ақауға байланысты әуеге көтеріле алмаған. Содан кейін президент делегациясымен бірге Қырғызстанға рейстегі ұшақпен оралған.

31 қазанда президент Садыр Жапаров Глазгоға жұмыс бабымен барды. Ол БҰҰ-ның климаттың өзгеруіне қатысты конференциясына қатысады.

Источник

Exit mobile version